×
538.2
629.64
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.2
629.64
6.34

Бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен қазақстандық табылды

Бүгін, 15:14
Бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен қазақстандық табылды
Ашық дереккөзден

Қостанай облысында полиция жоғалған ер адамды отбасымен қайта қауыштырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қостанай облысының Маршановка ауылын аралау кезінде полицейлер 41 жастағы ер адамға назар аударған. Ол Солтүстік Қазақстан облысында жоғалғандар қатарында іздеуде жүрген болып шықты. Белгілі болғандай, ер адам сәуір айында Астанаға жұмыс іздеп кеткен, кейін байланыс жоқ ауылға көшіп барған. Ол тіпті өзінің іздеуде екенін білмеген.

Жоғалғаны туралы оның туыстары хабарлаған және әлеуметтік желілерде іздеу жариялаған. Ер адам анасымен және қарындасымен бейнеқоңырау арқылы сөйлесті.

- Бауыржан, бүкіл Instagram-ды дүрліктірдің ғой — қайда жүрдің?, – деп сұрады қарындасы.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Ақмола облысында да бір ер адамның жоғалғаны хабарланған болатын. Полиция дерегінше, жоғалған Дмитрий Мостепан көлігін ұлының атына жазып бергеннен кейін із-түзсіз кеткен. Ол Ресейдің Алтайына кету ниеті барын жақындарына бірнеше рет айтқан. Сонымен қатар соңғы үш жылда Мостепан православтық бағыттағы оккульттік ілімдерге қызығушылық танытып жүрген.

Серіктес жаңалықтары