Қаржы министрлігі бюджет шығыстарын оңтайландыру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, бюджеттен 68 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берген бірнеше шара жүзеге асқан.
- Ғимараттарды жалға алу, көлік қызметтері, іссапарларды реттеу, байланыс қызметтері. Шаруашылықты қамтамасыз етуге арналған тауарлардың барлық сатып алуларына ревизия жүргіздік. Кей жерлерде қайталанатын позициялар болды. Мысалы, министрлік пен оған қарасты ұйым бірдей шығын жасаған. Осындай қайталанатын баптарды қысқарттық. Сондай-ақ бір реттік гранттар мен субсидияларға да дәл осындай жұмыс жүргіздік. Экономикалық тиімділігі төмен жобаларды қайта қарап, нәтижесінде 68 млрд теңге үнемдедік, – деді ол.