Ресейде Лев Ступниковты әскери қызметтестерін сатқаны және РФ әскерлеріне зымырандарды бағыттағаны үшін «опасыздыққа» қатысты айып тағылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, бұрынғы ресейлік офицер Лев Ступников Украина қарулы күштері жағына өткен. Ол жеті ай бойы Ресей қарулы күштерінің бөлімшелері туралы мәлімет беріп, зымырандарды бағыттауға көмектескені айтылады.
ОЛ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
RT дерегінше, Ступников 1999 жылы Қазақстанда дүниеге келген. 2000 жылдардың басында ата-анасы Қарағандыдан Омбыға қоныс аударып, Ресей азаматтығын алған. Ол Санкт-Петербургтегі әскери академияда оқып, пауэрлифтингпен айналысқан. Қызметін 36-шы мотожаяу әскер дивизиясында өтеп, соғысқа қатысқан. Кейін Украинаға әріптестерінің орналасу координаттарын бере бастағаны хабарланды.