×
538.89
629.53
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.89
629.53
6.34

Қазақстандықтар тағы бір ережеге байланысты Ресейге кіре алмауы мүмкін

Бүгін, 18:03
Қазақстандықтар тағы бір ережеге байланысты Ресейге кіре алмауы мүмкін
Фото: bibia.ru

Ресейге бірнеше рет жол ережесін бұзған шетелдік азаматтарды кіргізбеуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы РИА Новости-ге түскен сот материалдарында айтылған.

Федералдық «Ресей Федерациясынан шығу және Ресей Федерациясына кіру тәртібі туралы» заңға сәйкес, егер шетел азаматы үш жыл ішінде екі рет немесе одан да көп рет Әкімшілік кодекстің кез келген бабымен, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оған Ресейге кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін.

БҰҒАН ДЕЙІН

Айта кетейік, 2025 жылдың 30 маусымынан бастап Ресейде визасыз режиммен жүретін шетел азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға қатысты жаңа кіру ережелері күшіне енді. Жаңа талаптың мәні – ruID мобильді қосымшасы арқылы алдын ала электронды тіркеуді сынақтан өткізу. Визасыз режиммен кіретін елдердің азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға, жолға шықпас бұрын Бірыңғай сәйкестендіру және аутентификация жүйесінде тіркеліп, ruID қосымшасы арқылы Ресейге кіруге өтініш беру ұсынылады. Дипломаттар бұл рәсімнің ерікті түрде жүргізілетінін атап өтті.

КӘСІПКЕРЛЕР

Қазақстандық кәсіпкерлер Ресейге кірудің қиындауы қазақстандық бизнеске соққы болатынын айтты

Серіктес жаңалықтары