×
540.84
634.46
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.84
634.46
6.43

Іздеуде жүрген экс-судья Қарлығаш Тәткеева Ресей азаматы болып шықты

Бүгін, 10:42
Іздеуде жүрген экс-судья Қарлығаш Тәткеева Ресей азаматы болып шықты
ашық дереккөз

Іздеуде жүрген экс-судья Қарлығаш Тәткеева ресейлік болып шықты. Ол Ресей аумағында жасырынуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қарағандылық бұрынғы судья Қарлығаш Тәткеева Ресей азаматы екені анықталды. Бұл туралы «Выход к морю» Telegram-арнасы жазды. Дереккөздің болжамынша, ол көрші елде жасырынуы мүмкін.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Жарияланған мәліметтен Тәткееваның нақты қашан Ресей азаматтығын алғаны белгісіз. Бірақ базадағы фотосына қарап, оның ресейлік паспорты бары анық. Өйткені суреттің шетінде ресейлік құжатқа тән арнайы белгілер көрінеді, – делінген жазбада.

ІЗДЕУ

Азаматтық істер жөніндегі Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға биылғы 20 маусымда іздеу салынған. Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Бұған дейін оның қайда жүргені туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындалатыны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары