×
540.84
634.46
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.84
634.46
6.43

Бокстан әлем біріншілігі: Санжар Тәшкенбай финалға өтті

Бүгін, 19:01
Бокстан әлем біріншілігі: Санжар Тәшкенбай финалға өтті
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Санжар Тәшкенбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында кубалық Алехандро Кларо Физбен өзара мықтыны анықтады.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі.

Еске салайық, бұған дейін бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульдегі әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайтынын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары