×
540.84
634.46
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.84
634.46
6.43

Жамбыл облысында футболдан кейінгі төбелес кезінде 10-сынып оқушысы қаза тапты

Бүгін, 10:05
Жамбыл облысында футболдан кейінгі төбелес кезінде 10-сынып оқушысы қаза тапты
Pixabay.com

Жамбыл облысында футбол матчынан кейін жоғарғы сынып оқушылары бір баланы соққыға жыққан. Ол алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

12 қыркүйекте Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында қайғылы оқиға болды. Футбол ойнап жүрген 10-сынып пен 11-сынып оқушылары арасында жанжал туындаған: кіші сынып оқушылары жеңіске жетіп, бұл жағдай үлкендердің бірінің ашуына тиген.

Салдарынан 11-сынып оқушыларының бірі 10-сынып оқушысын ұрып-соққан. Оқиға орнына келген дәрігерлер жасөспірімнің алған жарақаттарынан қаза тапқанын растады. Қалған қатысушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

ТЕРГЕУ

Оқиғаны тергеу үшін Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция 17 және 16 жастағы екі жасөспірімді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

– Қазіргі уақытта істі толық, объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шара жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді, – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары