×
540.84
634.46
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.84
634.46
6.43

Қазақстанда бір түнде жол апатынан 15 адам қаза тапты

Бүгін, 13:07
Қазақстанда бір түнде жол апатынан 15 адам қаза тапты
"ҚазАвтоЖол"

2025 жылғы 13-нен 14 қыркүйекке қараған түні республика аумағында екі ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, 15 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

2025 жылғы 13 қыркүйек күні сағат 23:30 шамасында Қарағанды облысында, «Қарағанды – Аягөз – Боғас» автожолының Шешенқара ауылы маңында Ford Mondeo автокөлігінің жүргізушісі Қарқаралы қаласынан Қарағанды бағытына қозғалыс барысында белгіленбеген жерде қарсы жолаққа шығып кетіп, Changan автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан бес адам оқиға орнында көз жұмды.

2025 жылғы 14 қыркүйек күні сағат 01:39 шамасында Жетісу облысында, «Алматы – Өскемен» автожолының 479-шақырымында Nissan Cefiro автокөлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта қозғалып келе жатып, қарсы жолаққа шығып, алдымен Lada ВАЗ автокөлігімен, кейіннен Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан Nissan Cefiro жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Lada ВАЗ автокөлігінде болған төрт адамның біреуі көз жұмды, тағы біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Chevrolet Cobalt автокөлігінде сегіз адам, соның ішінде бір бала болған. Алдын ала мәліметтер бойынша олардың барлығы оқиға орнында қаза тапқан.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында оқушылар отырған автобус апатқа ұшырған еді.

Серіктес жаңалықтары