Ақтөбе облысының Әйтекеби ауданында киіктердің өлекселері табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әлеуметтік желілерде тараған видеода Қайрақты өзенінің жағасында ондаған өлі жануардың жатқаны көрсетілген.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, оқиға орнына инспекция басшысының орынбасары, екі инспектор, «Охотзоопром» РГКП Ақтөбе филиалының қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барады.
– Барлық мән-жай оқиға орнында анықталады. Қажет болған жағдайда Хромтау ауданынан қосымша көмек тартылады, – деп хабарлады ведомство.
КИІКТЕРДІ АТУ
Айта кетейік, 2025 жылдың шілдесінде Батыс Қазақстан облысында киіктер популяциясының санын бақылауға арналған ресми бағдарлама іске қосылды. Облыста жүздеген киікті қырып үлгерген.
ҚЫТАЙҒА СЫЙЛЫҚ
Ал 17 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1,5 мың бас киік сыйға тартты. Артынша экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан Қытайға сыйлаған киіктерді қалай жеткізетінін түсіндірген болатын.