×
540.84
634.46
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.84
634.46
6.43

Дина Таңсәрі Черногориядан экстрадицияланбайтын болды

Бүгін, 11:02
Дина Таңсәрі Черногориядан экстрадицияланбайтын болды
Ulysmedia.kz коллажы

"НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі (Смаилова) өзінің экстрадициясына байланысты Черногория сотының шешімі туралы жаңа мәліметтерді бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, алғашқы және апелляциялық сот инстанцияларында істі қараған судьялардың әйел болуы — ерекше мәнге ие жағдай.

- Әйелдер үшін мұндай процестерде гендер факторының ескерілуі маңызды, – дейді ол.

СОТ ҚАНДАЙ НЕГІЗДЕРГЕ СҮЙЕНДІ

Черногория соты шешімінде халықаралық нормаларға ғана емес, сонымен қатар Конституциялық соттың ұстанымдарына да сілтеме жасаған. Бірінші инстанцияның шешімі әуелі Бас прокуратураға, кейін апелляциялық сотқа жіберілген.

Экстрадициядан бас тартуға төрт негізгі фактор әсер еткен:

  • Қазақстан Бас прокуратурасы жіберген қылмыстық іс материалдарының күмәнді жағдайы. Құжатта арнайы «істің жағдайын ескере отырып» деген тұжырым бар.
  • Іс материалдарын сараптай келе, Черногория билігі бұл қудалаудың саяси астары бар деген қорытындыға келген.
  • Черногория Қазақстанға қайтарылған жағдайда Дина Таңсәрі азаптауға және қатыгездікке ұшырауы мүмкін деген қауіптің барын мойындады.
  • Құқық қорғаушы 2023 жылдың 12 қазанында саяси баспанаға өтініш берген. Ал қылмыстық іс соның төрт күнінен кейін, 16 қазанда, ШҚО-дағы адвокат Кабдиевтің арызы негізінде қозғалған. Қазақстан билігі экстрадицияны тек 2024 жылдың 4 мамырында сұраған. Яғни, саяси баспана статусы экстрадиция шешімінен бұрын берілген. Халықаралық заңнамаға сәйкес, бұл статус шешуші мәнге ие.

ҚУДАЛАЙ МЕН БАҚЫЛАУ

Дина Таңсәрі Қазақстан билігі істі асығыс дайындағанын айтады.

- Біздің қозғалыстарымыз бақыланды, саяси баспана сұрағанымыз белгілі болды, ал қайтару шаралары бірден қолға алынды. Каспи банк арқылы 7 200 донордың жеке деректері заңсыз түрде алынды, кейін тергеуде қысым жасалды, – дейді ол.

ДИНА ТАҢСӘРІНІҢ ҰСТАЛУЫ

14 сәуір күні Черногорияда қазақстандық құқық қорғаушы, «NeMolchi.kz» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталып, Подгорица қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Белсенді өз сөзінде бұл жағдайдың экстрадиция мәселесіне байланысты болатынын мәлімдеді. Алайда нақты не үшін ұсталғаны туралы оған ешқандай ақпарат берілмегенін айтты.

Сонымен қатар, күйеуі Алмат Мұхамеджанов Дина Таңсәрі қалай ұсталғанын айтып берген болатын. 

Ал 15 сәуірде Дина Таңсәрі бостандыққа шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, Черногория соты оны Қазақстанға экстрадициялаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған.

29 шілдеде Дина Таңсәрі Черногориядан саяси баспана алды. 

Серіктес жаңалықтары