×
540.84
634.46
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.84
634.46
6.43

БЖЗҚ-дан заңсыз ақша шешумен айналысқан 5 қылмыстық топ анықталды

Бүгін, 15:47
БЖЗҚ-дан заңсыз ақша шешумен айналысқан 5 қылмыстық топ анықталды
Ulysmedia.kz коллажы

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» қаражатты заңсыз шешіп алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкерленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол үшін ұйымдастырушылар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы елдің әр өңірінде (Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және басқа қалаларда) орналасқандай етіп 30-дан астам стоматологиялық клиникаларды пайдаланған.

Шын мәнінде, бұл медицина ұйымдары тек қағаз жүзінде болған, халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген. Олардың ғимараттары да, жабдықтары да, білікті қызметкерлері де болмаған. Клиникалардың басшылары мен құрылтайшыларының медициналық білімі де жоқ.

СЫЙАҚЫ

Жалған медициналық құжаттарды рәсімдегені үшін күдіктілер азаматтардың алған қаражатынан 10%-дан 20%-ға дейін заңсыз сыйақы ұстап отырған. Жиналған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қылмыстық топтар 226 «дропперді» пайдаланған.

Жалпы, 200 млрд теңгеден астам қаржы айналымнан шығарылған.

ҚЫМБАТ ЗАТТАР САТЫП АЛҒАН

Зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер 15 қымбат автокөлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade) – жалпы құны 600 млн теңгеден астам – сондай-ақ зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған.

Қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздестіру жалғасуда. Қазіргі уақытта 59 тінту жұмысы жүргізілді. 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылады. Сонымен қатар, тергеу барысында тек зейнетақы активтерін заңсыз шығару схемасын ұйымдастырушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ, ҚМА мәліметінше, ұсталғандардың қорғану құқығы бұзылып жатыр деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Барлық процессуалдық әрекеттер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілуде. Әр күдіктінің адвокаттарымен байланысы шектелмеген.

Серіктес жаңалықтары