Елде шетелдіктерді бақылауға арналған арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеханың айтуынша, әрбір шетелдік Қазақстан шекарасынан өткен кезде мониторинг жүйесіне тіркеледі: құқық қорғау органдары елге кім, қайда және қандай мақсатпен келгені жөнінде ақпарат алады. Бұдан бөлек, қазір шетелдіктердің қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін бағдарлама әзірленіп жатыр. Алайда оның іске қосылу мерзімі нақтыланбады.
РЕСЕЙ ТӘЖІРИБЕСІ
Вице-министрге ресейліктерге қатысты айна-қатесіз шаралар енгізілуі мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Еске салсақ, биыл 11 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясы шетел азаматтарының елде болу тәртібін қатаңдатқан еді.
– Жалпы алғанда, бізде жоқ жаңа ештеңе Ресей қазір жасап отырған жоқ. Халықаралық құқық принциптері, айна-қатесіздік қағидаты бар. Басқа мемлекеттерге қатысты қабылданатын кез келген шара сыртқы істер министрлігімен талқыланады. Егер қандай да бір жауапты шара қажет деп санаса, біз дайынбыз. Ал РФ ІІМ-мен өзара әрекеттестігіміз жаман емес. Қазір қазақстандық азаматтарға қатысты ешқандай мәселе көріп отырған жоқпыз. Егер ондай жағдай туындаса, әрине, тиісті жауап шараларын қабылдаймыз, – деді Лепеха.