×
541.18
636.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.18
636.05
6.52

Ресейлік қыз Қазақстаннан саяси баспана сұрады

Бүгін, 08:01
Ресейлік қыз Қазақстаннан саяси баспана сұрады
Ашық дереккөзден

Қазақстанда ұсталған Юлия Емельянова Алексей Навальный штабтарының белсендісі ретінде белгілі. Ол ҚазақстаннаН саяси бассауға сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресейлік белсенді Юлия Емельяноваға Қазақстанда саяси баспана іздеуші куәлігі берілді, деп жазады DW. Оны 31 тамызда Алматы әуежайында транзит кезінде ұстаған. Бұған Ресей бастамашы болған мемлекетаралық іздеуде Емельянованың болуы негіз болған. РФ-де оған телефон ұрлады деген айып тағылған. Алайда Емельянова мен құқық қорғаушылар бұл істі қолдан жасалған деп санайды. Олардың пікірінше, ол өзінің белсенділігі үшін қуғынға ұшыраған6 Ресейден 2022 жылы кетер алдында Емельянова Алексей Навальный штабтарының белсендісі болған.

- Бұл рас, біз мұны әрқашан бірінші қадам ретінде жасаймыз. Дәл 11 қыркүйекте оған Қазақстан Республикасы аумағында басcауға мәртебесін беру туралы уәкілетті органнан куәлік алдық, – деді белсендінің адвокаты Мұрат Адам.

КОНТЕКСТ

Емельянова ұсталғаны туралы ақпарат 31 тамызда белгілі болды. Антивоенный «Ковчег» жобасының мәліметінше, белсенді Қазақстанға транзитпен келген – ол Грузиядан Вьетнамға ұшып бара жатқан.

Серіктес жаңалықтары