Қазақстандықтар қазанда Республика күніне байланысты қосымша бір күн демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҮШ КҮН ДЕМАЛЫС
2025 жылы 25 қазан сенбіге сәйкес келеді. «Мерекелер туралы» заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтарды үш күн қатарынан демалыс күтеді:
25 қазан (сенбі);
26 қазан (жексенбі);
27 қазан (дүйсенбі).
Жалпы алғанда, бес күндік жұмыс аптасында қазан айында 9 демалыс және 22 жұмыс күні болады.
АЛТЫ КҮН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДЕР
Алты күндік кестемен жұмыс істейтіндер үшін мерекелік уик-энд қысқарақ болады:
25 қазан (сенбі) — мерекелік демалыс;
26 қазан (жексенбі) — қалыпты демалыс;
27 қазан (дүйсенбі) — жұмыс күні.
Осылайша, алты күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қазанда небәрі 5 күн ғана демалады.