×
541.18
636.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.18
636.05
6.52

Жұмыссыз қалғандар мемлекеттен өтемақыны қалай алады?

Бүгін, 09:45
Жұмыссыз қалғандар мемлекеттен өтемақыны қалай алады?
Ulysmedia.kz коллажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 264,3 мың адам болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның ішінде 212,8 мың азаматқа төлем биыл тағайындалған. Жалпы төлем сомасы 84 млрд теңгені құрады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылғандар әлеуметтік төлемді еңбек өтілі мен соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін алады. Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен жоғалған табыстың 45%-ына дейінгі мөлшерде жүргізіледі.

ТӨЛЕМ БЕРУ ТӘРТІБІ

Жұмысынан айырылған азаматқа төлем алу үшін:

  • eGov.kz порталында тіркеуден өту қажет;
  • «Еңбекпен қамту және жұмыспен қамту» бөлімінен «Жұмыс іздеушілерді тіркеу» қызметін таңдау керек;
  • қызметке онлайн өтінім беріп, барлық жолдарды толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою қажет;
  • бір күн ішінде тұрғылықты жеріндегі мансап орталық бос жұмыс орындарын ұсынады;
  • егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде азаматқа қашықтан «жұмыссыз» мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда орталық қызметкері қосымша ақпарат үшін хабарласады).

Бұл қызметті онлайн түрде Электронды еңбек биржасы арқылы да алуға болады.

- Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы деректер болған жағдайда, еңбек министрлігі ақпараттық жүйесі азаматтың ұялы телефонына әлеуметтік төлем тағайындау қызметіне келісім беру үшін SMS-хабарлама жібереді. Азамат келісімін SMS-ке жауап беру арқылы білдіреді. Төлем автоматты түрде тағайындалады, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары