Еуропалық одақ (ЕО) 17 қыркүйек, сәрсенбі күні Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін ұсынбайды. Оның қабылдануы белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Politico мәліметінше, еуропалық дипломат пен ЕО-ға мүше елдердің бірінің шенеунігі «Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін сәрсенбі күні ұсыну жоспарда жоқ» екенін айтқан.
Шектеулердің кезекті топтамасын қабылдау күн тәртібінен алынып тасталған. Себебі ЕО басшылығы мен АҚШ президенті Дональд Трамп Словакия мен Венгрияға қысымды күшейтіп, олардың Ресей мұнайына тәуелділігін азайтуды талап етуде.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін бұл жолғы санкциялар Қазақстанға да әсер етуі мүмкін екені айтылған болатын. Ulysmedia.kz материалында санкциялар қаупі туралы сараптама жасаған еді.