×
541.18
636.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.18
636.05
6.52

Елде ақша аударымдарын бақылау күшейеді

Бүгін, 17:25
Елде ақша аударымдарын бақылау күшейеді
фото: depositphotos

Қаржы министрлігі жаңа салық кодексін іске асыру аясында банктік ұйымдардың есеп беру нысандарына қатысты бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұйрық жобасы туралы

«Банктік ұйымдардың мемлекеттік кірістер органына банктік шоттарының бар-жоғы туралы және олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасы қабылданбақ.

Жаңа құжатқа сәйкес, банктер жеке және заңды тұлғалардың шоттары, олардың нөмірлері, шоттағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына жолдауға міндеттеледі. Яғни Қазақстанда банк шоты туралы деректер салықшыларға беріле бастайды.

Мақсаты

Жобаның негізгі мақсаты – салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, салықтық тәуекелдерді уақтылы анықтау және бюджет кірісін ұлғайту. Сонымен бірге салық төлеуден жалтарған тұлғаларды дер кезінде әшкерелеу жоспарланып отыр.

Күтілетін нәтижелер

Қаржы министрлігінің болжамынша, жоба мына нәтижелерге әкелмек:

  • салық салынатын табысты төмендететін заңды және жеке тұлғаларды анықтау;
  • салық төлеуден жалтарудың алдын алу;
  • бюджетке түсетін түсімдердің артуы;
  • көлеңкелі экономиканың үлесін азайту.

Министрлік мәліметінше, жобаны іске асыру әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарларға әкелмейді.

Серіктес жаңалықтары