×
541.18
636.05
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.18
636.05
6.52

"Үсік, тұман". 17 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Бүгін, 19:13
"Үсік, тұман". 17 қыркүйекте ауа райы қандай болады
pixabay.com

Синоптиктер 17 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

17 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстік-батыстан жел күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

17 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 1 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында 17 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

17 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.аласында 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Өскемен қаласында 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.

Алматы облысының солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 17 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 17 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астана қаласында 17 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Серіктес жаңалықтары