×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Байден АҚШ банкінің бас реттеушісі қызметіне Сәуле Омарованы ұсынады

23.09.2021, 21:57
Байден АҚШ банкінің бас реттеушісі қызметіне Сәуле Омарованы ұсынады
ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден Корнелл университетінің банктік құқық профессоры Сәуле Омарованы валютаны бақылау кеңсесінің басшылығына ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

forbes.kz-ның хабарлауынша, бұл туралы ақпарат The Wall Street Journal басылымында жарияланған.

Қазақстан тумасы Омарованың ресми түрде кандидатурасы осы аптада ұсынылуы мүмкін. Сәуле Омарова 1863 жылы құрылған валютаны басқару кеңсесін басқаратын алғашқы әйел болады.

Валютаны басқару кеңсесі – АҚШ банк секторының негізгі реттеушісі. Бұл АҚШ Қаржы министрлігінің тәуелсіз бөлімі. Ол жалпы активтері 14 трлн. доллар болатын 1200 банкті бақылайды. Бұл – елдегі банк жүйесінің барлық активтерінің шамамен үштен екі бөлігі.