Ресейлік сарапшылар Қазақстанда жанармай сапасына қойылатын талаптар төмен екенін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Автосарапшы Василий Медведев Ресей мен Қазақстандағы бензин сапасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, көлік иелері жанармай сапасын арттыру үшін түрлі тәсілдерге жүгінуге мәжбүр. Біреулер қоспалар қолдануды ұсынса, енді біреулер өндірушілердің нұсқауларын ұстанған жөн деп санайды.
САЛЫСТЫРУ
Сарапшы Ресейде «Еуро-5» стандарты қолданыста екенін, ал Еуропаның кей елдерінде тіпті «Еуро-6» енгізілгенін еске салды. Қазақстанда болса, бензин арзанырақ болғанымен, сапасы төмен. Оның айтуынша, мұндай жанармай тіпті қауіпті.
– Қазақстанда жанармай Ресейге қарағанда шамамен екі есе арзан. Бұл қатаң талаптардың жоқтығымен түсіндіріледі. Ресми түрде «Еуро-4» стандарты бар, бірақ кейбір жанармай құю бекеттерінде ескірген «Еуро-2»-ні де кездестіруге болады. Мұндай бензинді өндіру арзанырақ, алайда ол заманауи қозғалтқыштар үшін аса қауіпті. Сондықтан жүргізушілер жанармай құю бекеттерін мұқият таңдап, ықтимал салдардан сақтануға тырысады, – деп жазды Медведев.