Ардақ Назаровтың мәжілісте анасын туған күнімен құттықтауы мәжілістің этика комиссиясында қаралмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл туралы депутаттың өзі мәжіліс кулуарында айтты.
- Жоқ, қаралған жоқ. Не үшін? Мен адам өлтірдім ба? Әлде бір нәрсе бүлдірдім ба? Мен тек анама құрмет көрсеттім. Сіз де анасыз ғой. Сондықтан сіздің де балаңыз сізді ақордадан құттықтап жатса сіз де марқаясыз. Ешқандай әбестік жоқ. Ешкім мені парламентте қаралаған жоқ. Басшылық та, әріптестерім де мені қолдап отыр, дейді депутат.
НАЗАРОВ
Еске салайық, депутат Ардақ Назаров мәжіліс отырысында депутаттық сауал жолдарының алдында шешесін туған күнімен құттықтаған болатын. Ары қарай премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа депутаттық сауалын жолдап, Қазақстан әскеріне қатысты ұсыныс айтып, бірнеше сұрақ қойды.
Қазнет қолданушылары депутаттың бұл әрекетін түсінбей, қызу талқылады. Олар депутат мәжілісті өзекті мәселе көтеріп, проблемалар туралы айтудың орнына туған күнмен құттықтауға арналған “алаң” ретінде қолданғанына наразы болған.
Бұған дейін Назаров өзекті мәселе көтерудің орнына неге шешесін құттықтағанын түсіндірген болатын.