Қырғызстанда тәуелсіз «Клооп» медиа өкілдерін түрме жазасына кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Бішкектің аудандық соты “Клооп” тәуелсіз ақпараттық ресурсының бұрынғы қызметкерлеріне үкім шығарды, деп жазады DW. 17 қыркүйекте операторлар Александр Александров пен Жоомарт Дуулатов бес жылға бас бостандығынан айырылып, жалпы режимдегі колонияға жіберілді.
Сонымен қатар, есімдері жарияланбаған екі бухгалтерге үш жыл пробация тағайындалды. Бұл шара қамауға алынбай-ақ, бақылауда болуды қарастырады. Барлығы да «жаппай тәртіпсіздікке жария түрде шақыру» бабымен кінәлі деп танылды.
Іс материалдарына сәйкес, сотталғандар YouTube-тағы Temirov Live арнасының негізін қалаушы, журналист Болот Темировпен бірге дайындалған зерттеу материалдарын таратуға қатысқан делінеді. Айыптаушы тараптың пайымынша, бұл видеоларда «жалған мәліметтер» мен «ел басшылығына негізсіз сын» болған.
Алайда «Клооп» редакциясы өзінің Telegram-арнасы арқылы дау тудырған материалдар олардың платформаларында жарияланбағанын және сотталған қызметкерлердің оларға қатысы болмағанын мәлімдеді.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, 2025 жылдың 29 мамырында Қырғызстандағы «Клооп» басылымының бұрынғы және қазіргі қызметкерлерін тергеуге алып кеткен болатын.
БАСЫЛЫМ ТУРАЛЫ
«Клооп» – 2007 жылы құрылған Қырғызстанның тәуелсіз медиасы. Басылым 2010 жылғы сәуір төңкерісін жариялап, кеңінен танылды. «Клооп» бірнеше ұлттық және халықаралық марапаттарға ие болған. Олардың қатарында Sigma Awards дата-журналистика сыйлығы және Тергеу редакторлары мен журналистері қауымдастығының Том Реннер атындағы сыйлығы бар.