Numbeo статистикасына сәйкес, Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат қала болып тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӨМІР СҮРУ
Маусым айында портал әлем қалаларындағы өмір сүру құнына қатысты деректерін жаңартты. Бағалауда азық-түлік, көлік, коммуналдық қызметтер және басқа да негізгі қажеттіліктердің құны ескерілген.
Жазда ең қымбат қалалар көшін былайша түйіндеді:
Цюрих – 112,5 балл;
Женева – 111,4 балл;
Базель – 110,7 балл.
Қазақстан қалалары тізімнің төменгі бөлігінде тұр. Алматы – 29,4 балл, Астана – 26,5 балл жинаған.
САЛЫСТЫРУ
- Салыстырмалы түрде айтсақ, Орталық Азия және ЕАЭО елдерінің астаналары ішінде Алматы мен Астанадағы өмір сүру Мәскеуге қарағанда арзан. Мәскеу 230-орынға (45,2 балл) тұрақтаса, Ереван 257-орынға (41,5 балл) жайғасқан. Көрсеткіштер бойынша Қазақстанның қос астанасы көршілермен деңгейлес: Бішкек (26,8 балл), Ташкент (26,2 балл) және Минск (26,4 балл), – делінген хабарламада.
ЕҢ АРЗАН ҚАЛАЛАР
Өмір сүру ең арзан саналатын елдер – Үндістан мен Пәкістан. Ең қолжетімді ондыққа Үндістанның алты, Пәкістанның үш және Ливияның бір қаласы кірген.