×
541.01
640.34
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.01
640.34
6.52

"Туыстары қол жұмсағанына сенбейді". Әскери бөлімде сарбаз суицид жасаған

Бүгін, 11:36
"Туыстары қол жұмсағанына сенбейді". Әскери бөлімде сарбаз суицид жасаған
Коллаж: ulysmedia.kz

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы әскери бөлімде сарбаз суицид жасаған күйінде табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Мәтібұлақ ауылында орналасқан №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек суицид жасаған күйінде табылды. Қайғылы жағдай туралы марқұмның әпкесі хабарлады.

ТУЫСТАРЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Жақындарының айтуынша, жас жігіттің өліміне қатысты шынайы жағдайлар мұқият жасырылып отыр. Әпкесінің сөзінше, 2024 жылдың күзінде әскерге Даниял Шынарбек шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед әскер қатарына алынған. Екеуі де Отар гарнизонында қызмет еткен.

Ағайынды жігіттер бірге қызмет етуді қалағанымен, ант қабылдағаннан кейін оларды бөлек бөлімдерге жіберген. Дінмұхаммед Мәтібұлақтағы №01098 әскери бөлімге ауыстырылып, қайғылы оқиға дәл сонда болған.

ҚАЙҒЫЛЫ ХАБАР

17 қыркүйекте туыстарына Дінмұхаммедтің өзіне қол жұмсағаны туралы хабар келген. Оған дейін бірнеше күн бұрын ғана ол 19 жасқа толған екен.

- Еңбекқор, мейірімді, болашағы туралы арманы көп еді. Қара жамылып отырмыз, оның өлімін суицид деп түсіндіруіне сене алмаймыз. Біз отбасымызбен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, бұл істі жеке бақылауға алуды талап етеміз. Неліктен бейбіт заманда осындай жас жігіттер қаза табуда? Бізге шындық пен әділет керек. Кінәлілердің әділ жазалануы үшін объективті тергеу жүргізілуін талап етеміз, – деп жазды марқұмның әпкесі әлеуметтік желілерде.

РЕСМИ ХАБАРЛАМА

Құрлық әскерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қыркүйекте Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. 

- Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары