×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бейжіңде Қазақстан туын алғаш рет екі спортшы алып шығады

01.02.2022, 12:36
Бейжіңде Қазақстан туын алғаш рет екі спортшы алып шығады
Фото: ашық дереккөзден

Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарының басталуына бүгін тура 3 күн қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілші.

Қазақстандық атлеттер де Бейжің, Янцин және Чжанцзякоу қалаларындағы олимпиадалық қалашықтарға толығымен орналасып, белгіленген кестеге сай жарысқа соңғы жаттығуларын пысықтап жатыр.

«Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің байрағын екі спортшы алып шығады. Бұл — қысқы спорт түрлерінен Олимпиадада ел байрағын алғаш рет екі спортшымыздың көтеруі. Оның бірі - шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев болса, екіншісі - конькиші Екатерина Айдова. Екі спортшымыз да құрамадағы тәжірибелі, жүлдеге таласуға мүмкіндігі жоғары спортшылар»,- делінген ақпарда.

Естеріңізге сала кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Бүгінде олар олимпиадалық қалашықтарға орналасты. Қазақстандықтар шаңғы жарысы, фристайл, акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі. Ойындарды «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.