×
541.01
640.34
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.01
640.34
6.52

Алматыда гранит тақталардың ұрлануына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 14:26
Алматыда гранит тақталардың ұрлануына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Видео кадры

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы қоғам белсендісі Санжар Боқаев жариялаған видеоға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰРЛЫҚ ФАКТІСІ

Ведомствоның хабарлауынша, Үлкен Алматы өзенін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатқан «Павлодарский речной порт» АҚ мердігер компаниясы 15 қыркүйек күні кешке 12 гранит плитасының заңсыз шығарылғанын анықтаған.

Алдын ала дерекке сәйкес, бөтен автокөлік жүргізушісі белгісіз азаматтың өтінішімен және учаске күзетшісімен сөз байласып, плиталарды тиеп әкеткен. Жүргізушіге бұл әрекеті үшін 50 мың теңге сыйақы уәде етілген. Компания полицияға арыз түсірген, қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Әкімдік плиталарды бұзу – жобада қарастырылған шара екенін атап өтті. Үлкен Алматы өзенінің арнасын абаттандыру жұмыстары 2024 жылғы 17 қазанда бекітілген келісімге сәйкес, мемлекеттік сараптамадан өткен жобаның аясында іске асырылып жатыр.

Жоба бойынша әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан зақымдалған және жарамсыз плиталар алынып жатыр. Ал жарамды тастар Торайғыров пен Сәтбаев көшелеріне дейінгі аумақта қайта пайдаланылып, плиталардың орнына баспа-бетон төселіп жатыр.

Қазіргі таңда 2 110 плита алынған, оның 1 250-і қайта қолданылған, қалғаны болашақта пайдалану үшін қоймаға жіберілген.

- Осылайша, плиталарды демонтаждау бекітілген жобаның бөлігі, ал анықталған ұрлық фактісі бөлек қылмыс ретінде қаралып, тергеліп жатыр, – делінген әкімдік хабарламасында.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, күні кеше қоғам белсендісі Санжар Боқаев Алматыдағы Үлкен Алматы өзенінің жағасынан табиғи гранит плиталарының жасырын түрде жүк көліктеріне тиеліп, қаланың шетіне шығарылып жатқанын көрсеткен болатын

Серіктес жаңалықтары