×
541.01
640.34
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.01
640.34
6.52

Тоқаев мырза, сіз армияда қандай сұмдық болып жатқанын білесіз бе?

Бүгін, 15:37
Тоқаев мырза, сіз армияда қандай сұмдық болып жатқанын білесіз бе?
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы әскери бөлімде қаза болған сарбаздың анасы үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҮНДЕУ

- Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза, сіздің армияңызда не болып жатқанын білесіз бе? Аналар баласыз қалуы керек пе? Қыршын жастар өмірден озуы керек пе? Бұл не деген армия? Сіздердің қызметкерлеріңіздің деңгейі жерде тапталып жатыр ғой. Неге мұндай нәрселер болып жатыр? Неге бақылауға алынбайды? Министр мырзалар, неге мұның бәрі қараусыз қалуы керек? Аналар, балаларыңызды әскерге жібермеңіздер. Біздің көзіміз жетті. Біз сеніп, әскер түзелді, баламызға еш нәрсе болмайды деп жібердік. Баламыздың мәйітін алып келе жатырмыз. Балаларыңызды армияға жібермеңіздер, дейді сарбаздың анасы. 

ҚАЗА

Еске салайық, бүгін әскерде тағы трагедия орын алды. Мәтібұлақ ауылында орналасқан №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек өлі табылды. Жақындарының айтуынша, жас жігіттің өліміне қатысты шынайы жағдайлар мұқият жасырылып отыр. Әпкесінің сөзінше, 2024 жылдың күзінде әскерге Даниял Шынарбек шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед әскер қатарына алынған. Екеуі де Отар гарнизонында қызмет еткен.

17 қыркүйекте туыстарына Дінмұхаммедтің өзіне қол жұмсағаны туралы хабар келген.

Серіктес жаңалықтары