Алматы облысындағы Алатау қаласында төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алатау қаласында қоқыс полигонында орын алған ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілген. Бұл шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қабылданған.
- Өрт ауқымды аумақты қамтығандықтан, төтенше жағдай режимін енгізу барлық қажетті күштер мен құралдарды – өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, арнайы техниканы дер кезінде жұмылдыруға және барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді. Қабылданған шаралар салдарды жою жұмыстарын жеделдетуге бағытталған, делінген хабарламада.
Жағдай тұрақты бақылауда. Тұрғындардың өміріне еш қауіп жоқ. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
ТЕКСЕРІС
Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында арнайы тексеріс жүргізіледі.
ӨРТ
Еске салайық, 15 қыркүйекте Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққан болатын.