×
541.01
640.34
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.01
640.34
6.52

Тұман, дауыл, найзағай: 19 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Бүгін, 19:26
Тұман, дауыл, найзағай: 19 қыркүйекте ауа райы қандай болады
pixabay.com

Синоптиктер 19 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында  күндіз найзағай болады. Түнде және таңертең тұман.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай болады. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында  төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында  төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі болады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында  жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында  төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі болады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі болады.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Облыстаң батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында  күндіз найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болады. Найзағай болады. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында найзағай болады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Петропавл қаласында  түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел болады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары