×
541.01
640.34
6.52
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.01
640.34
6.52

Талдықорғанда телефон террористері көбейді: мектептер мен сауда үйлері тексерілдқ

Талдықорғанда телефон террористері көбейді: мектептер мен сауда үйлері тексерілдқ
Ulysmedia

Соңғы екі күнде қалада бірінен соң бірі бірнеше жалған хабарлама тарады. Белгісіз адамдар мектептер мен сауда орталықтарына жарылғыш зат қойылды деп телефон арқылы жалған ақпарат жеткізген. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлады.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кеше құқық қорғаушылар «Сити Плюс» пен «Даулетті» сауда орталықтарын тексерген. Екі жағдайда да ақпарат расталмады. 

Ал бүгін әлеуметтік желіде №18 және №14 мектептерінде “бомба” болуы мүмкін деген хабар тарады. Шұғыл қызмет мамандары ғимараттарды мұқият қарап шыққанымен, ешқандай қауіпті жарылғыш зат табылған жоқ. Барлық ұйымдар қалыпты режимде жұмысын жалғастырды. 

Қазір күдіктілерді анықтап, ұстау үшін жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Полиция әдейі жалған ақпарат таратқандар заң бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

КОНТЕКСТ 

Соңғы 5 жылда жалған терроризмге қатысты 290 адам күдікті деп танылып, соның ішінде 258 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ішкі істер министрлігінің ақпарынша, терроризм актісіне дайындық туралы жалған хабарлама бергені үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 20 млн теңгеге жуық айыппұл арқалайды. Сондай-ақ 5 жылға дейін бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Серіктес жаңалықтары