×
541.34
640.73
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.34
640.73
6.53

Путиннің бұрынғы серіктесі ақшаларын Қазақстанда сақтап отыр

Бүгін, 08:01
Путиннің бұрынғы серіктесі ақшаларын Қазақстанда сақтап отыр
фото: topwar.ru

Путиннің бұрынғы серіктесі Анатолий Чубайс Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Ресейден кетіп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кетер алдында Чубайс Ресейдегі барлық мүлкін сатып жіберген, оның ішінде Мәскеу облысындағы элиталық нысандар мен Мәскеудегі пәтерлер бар. Дереккөздің мәліметінше, мәмілелердің жалпы құны шамамен 4,3 млрд рубль (шамамен 28 млрд теңге) болған. Mash басылымы алынған қаражат Қазақстан, Түркия, Израиль және Кипр банктеріне орналастырылғанын анықтаған.

КОНТЕКСТ

Чубайс елден Украинадағы соғыс басталғаннан кейін кеткен. Соңғы деректер бойынша, ол Израильде тұрып жатыр. Әр жылдары ол «Ресей нанотехнология корпорациясының» (2008-2020) бас директоры, «Роснано» АҚ басқарма төрағасы (2011-2020), сондай-ақ президенттің халықаралық ұйымдармен тұрақты даму мақсаттарына жету мәселелері жөніндегі арнайы өкілі (2020 жылғы 4 желтоқсан – 2022 жылғы 25 наурыз) болған.

Серіктес жаңалықтары