×
541.34
640.73
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.34
640.73
6.53

Ресей қазақстандық ірімшікті қабылдамай тастады

Бүгін, 11:00
Ресей қазақстандық ірімшікті қабылдамай тастады
фото: uralcci.com

Ресейге жеткізілген 20 тонна ірімшік шекарадан өткізілмей, кері Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл жағдай Ресей–Қазақстан шекарасында болған. Орынбордағы шекара қызметі мен Россельхознадзор мамандары ірі көлемдегі ірімшік партиясын тексеріп, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтаған.

ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАР

Тексеру кезінде «Пармезан» ірімшігінің көп бөлігіне қатысты құжаттағы және өнімнің қаптамасындағы өндірілген күндердің сәйкес келмейтіні белгілі болды. Оның үстіне бұл партия дұрыс рәсімделген басқа ірімшіктің астына жасырылған екен. Сарапшылардың пайымдауынша, кәсіпкерлер осылайша бақылаудан жалтармақ болған.

НӘТИЖЕ

Заңсыз деп танылған өнім Ресейге кіргізілмей, Қазақстандағы өндірушіге қайтарылды. Ал жүк тасымалдаушыға әкімшілік шара қолданылды.

Серіктес жаңалықтары