×
541.34
640.73
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.34
640.73
6.53

«Өлтірді, одан кейін оны ілді»: Әскерде көз жұмған Дінмұхамедтің туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді

Бүгін, 13:28
«Өлтірді, одан кейін оны ілді»: Әскерде көз жұмған Дінмұхамедтің туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді
ulysmedia

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы № 01098 әскери бөлімде қаза болған 19 жастағы сарбаз Дінмұхамед Шынарбекті туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Сарбазды бүгін туыстары жер қойнына тапсырды деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Марқұм Дінмұхамед Шынарбектің әпкесі Тоғжан Қошанбаева інісінің асылып өлгеніне сенбейді. Ол әскери бөлімдені сарбаздармен сөйлескен. Сөзінше, сарбаздардың барлығы Дінмұхамед өз-өзіне қол жұмсайтын жағдайда болған жоқ деген.

«Қасында жүрген қырық сарбаздың барлығымен мен кеше сөйлестім. Ол өз өмірін өзі қиятын бала емес деді. Бұл жерде бір жағдай болды. Өлтірді. Одан кейін оны ілді. Офицерлік құрамның да ішінен шығып жатыр, «жап-жақсы бала, ашық-жарқын. Ешқандай қиналыс, ондай көрсетпеген бала. Күліп, борышын жақсы атқарып жүрген бала» деп. Оларға айттым, неге онда осындай болды... Олай болса сендер өлтірдіңдер. Ондай жағдай болса, өлтіріп, асып қойдыңдар. Ол бала өзі барып, асылатын жағдай емес. Кеше маған көрсеткен, айтқан жағдайда, адам өзі барып, қолын байлап, өзі үлкен діңгек ағашқа асылуы мүмкін емес. Ол бала ондай нәрсені істей алмайды. Бұның барлығы қолдан жасалып отырған нәрсе», – дейді ол.

Қаза

Еске салайық, бүгін әскерде тағы трагедия орын алды. Мәтібұлақ ауылында орналасқан №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек өлі табылды. Жақындарының айтуынша, жас жігіттің өліміне қатысты шынайы жағдайлар мұқият жасырылып отыр. Әпкесінің сөзінше, 2024 жылдың күзінде әскерге Даниял Шынарбек шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед әскер қатарына алынған. Екеуі де Отар гарнизонында қызмет еткен.

17 қыркүйекте туыстарына Дінмұхаммедтің өзіне қол жұмсағаны туралы хабар келген.

Серіктес жаңалықтары