×
541.34
640.73
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.34
640.73
6.53

"Адам түгілі, мал бақтыруға болмайды" - қаза болған сарбаздың туыстарының жанайқайы

Бүгін, 14:34
"Адам түгілі, мал бақтыруға болмайды" - қаза болған сарбаздың туыстарының жанайқайы
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы әскери бөлімде қаза болған сарбаздың туысы командирге жанайқайын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы № 01098 әскери бөлімде қаза болған 19 жастағы сарбаз Дінмұхамед Шынарбекті бүгін туыстары ақтық сапарға шығарып салды.

- Кеше көзіммен көрдім. Әскери адамдарға малды да беруге болмайды. Оларға адам түгілі, мал бақтыруға да болмайды. 50 офицер 40 баланы бір-бірден қарауға болар еді ғой. Барлық нәрсені өз көзіммен көрдім. Ана төңіректің өзі қандай жер? Бейберекет. Ағаштардың арасында алыс жерге кетіп, ол бала қалай үлкен діңгек ағашқа қалай ілінеді? Қолын өзін байлап, қалай ілінеді? Сонда бала қолын өзі белдікпен байлап тұрады екен иә? Қолын артына байлап, сосын ілінеді екен иә?, – дейді марқұм сарбаздың туысы. 

Ол командирге “мұны суицид депп қалай айтасыңдар?” деп сұрақ қойды. 

- Сен (командир) солардың ішіндегісің. Мені тыңдаңдар. Сарбаздарға “мына жерде жүруге болмайды” дейді. Неге ашық жатыр ол жер? Неге қоршап тастамайды? Неге “жүруге болмайды” деп жазып қоймайды? Сарбаздар не үшін барады ол жерге? Орындығын алып, ілінеді екен. Қайда қарап жүр бәрі? Кіп-кішкентай балам-ай…, – дейді сарбаздың туысы. 

ҚАЗА

Еске салайық, 18 қыркүйекте әскерде тағы трагедия болды. Мәтібұлақ ауылында орналасқан №01098 әскери бөлімінде 19 жастағы мерзімді қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек өлі табылды. Жақындарының айтуынша, жас жігіттің өліміне қатысты шынайы жағдайлар мұқият жасырылып отыр. Әпкесінің сөзінше, 2024 жылдың күзінде әскерге Даниял Шынарбек шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед әскер қатарына алынған. Екеуі де Отар гарнизонында қызмет еткен. 17 қыркүйекте туыстарына Дінмұхаммедтің өзіне қол жұмсағаны туралы хабар келген.

Бүгін туыстары ақтық сапарға шығарып салды. 

Дінмұхамедтің туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді.

Серіктес жаңалықтары