Еурокомиссия Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Интерфакс мәліметінше, еуропалық комиссия (ЕК) Ресейге қатысты ЕО-тың 19-шы санкциялар пакетін мақұлдады. Бұл туралы ЕК-нің ресми өкілі Паула Пинью мәлімдеді.
– Бүгін комиссияның Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін бекіткенін растай аламыз. Бұл – 19-шы пакет. Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен бұл тақырып бойынша ЕО-тың сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілі Кая Калласпен бірге мәлімдеме жасайды, – деді баспасөз хатшысы жұма күні Брюссельдегі брифингте.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін бұл жолғы санкциялар Қазақстанға да әсер етуі мүмкін екені айтылған болатын. Ulysmedia.kz материалында санкциялар қаупі туралы сараптама жасаған еді.