Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАРЛЫҚ
Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бүгін, 24 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты Алматы әкімі қызметінен босатты. Оның орнына қала басшысы болып Дархан Сатыбалды тағайындалды.
Досаев 2022 жылғы қаңтардан бері Алматы әкімі қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде оның жұмысына қатысты қоғам белсенділері мен сарапшылар тарапынан бірнеше рет сын айтылған еді.
2024 жылғы мамырда қоғам қайраткері Санжар Боқаев Досаевтың отставкасын талап еткен жиын өткізуге рұқсат алуға тырысқан. Алайда қала әкімі ретінде бұл бейбіт акцияны өткізуге өзі рұқсат бермеді.