×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

"Қазгидромет" Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін, 09:43
"Қазгидромет" Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Ulysmedia

"Қазгидромет" синоптиктері Астанада, Алмаиыла және бірнеше қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың болатынын болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылғы 20 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Орал, Алматы, Астана қалаларында, ал түнде – Атырау мен Қостанай қаласында күтіледі.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.
Серіктес жаңалықтары