Алматы облысында қоқыс полигонында шыққан өрт оқшауланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 2025 жылғы 20 қыркүйекте хабарлады.
ӨРТ ТУРАЛЫ
Еске салайық, 15 қыркүйекте Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шыққан болатын.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Алатау қаласында қоқыс полигонында орын алған ірі өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілген. Бұл шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қабылданған.
- Өрт ауқымды аумақты қамтығандықтан, төтенше жағдай режимін енгізу барлық қажетті күштер мен құралдарды – өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, арнайы техниканы дер кезінде жұмылдыруға және барлық қызметтердің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді. Қабылданған шаралар салдарды жою жұмыстарын жеделдетуге бағытталған, делінген хабарламада.