2025 жылдың 20 қыркүйегінде 400-ден астам еріктілер Астанадағы Есіл өзенінің жағалауын тазарту шарасына қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Іс-шараны Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі Астанадағы Эстония Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен World Cleanup Day мен #EUBeachCleanup науқаны және «Таза Қазақстан» ұлттық бастамасы аясында өтті.
– Бүгін мен Есіл өзенінің жағалауын тазартуға және таза Қазақстанды қолдауға жиналған барлық қатысушыныңың ниеттерінен шын мәнінде шабыт алдым. #EUBeachCleanup науқаны пластикті азайту, қайта өңдеу немесе жай ғана қоқысты жинау болсын – әр әрекеттің маңыздылығын еске салады. Бүгінгі іс-шараға қолдау көрсеткен әрбір қатысушыға алғысымды білдіремін. Біз бірлесіп, экологиялық жауапкершілікті ілгерілетіп, тұрақты тәжірибені дамыта отырып, Қазақстан, Еуропа және әлем үшін таза әрі салауатты болашаққа үлес қоса аламыз, – деді Қазақстандағы ЕО елшісі Алешка Симкич.
Бұл күні Еуропа, Америка, Азия және Африка елдерінің дипломаттары мен елшілік қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері және Жер Қоры жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері, сонымен қатар Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары бірлесіп, Есіл өзенінің жағалауын тазарту үшін күш біріктірді.
Эстонияда басталған идея бүгінде әлемдегі ең ірі азаматтық қозғалыстардың біріне айналды. Жыл сайын оған 200-ге жуық елден шамамен 20 миллион адам қатысады. Қазақстанның осы жаһандық бастаманың бір бөлігі болғанына қуаныштымын. Біз бірге қоршаған ортаны қорғау – бәрімізге ортақ жауапкершілік екенін көрсетеміз, – деді Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Яап Ора мырза атап өтті.
Іс-шара аясында тек тазалық шаралары ғана емес, сонымен қатар Likekomek серіктестігімен эко-тауарларға пайданылмайтын таза киімдерді айырбастау науқаны өтті. Қатысушылар Plastic-Free Challenge: 3 қадам жаса! атты челленджіне қатысып, өз жетістіктерімен бөлісті, ал Global Green Hub ұйымдастырған танымдылық сабақтары ең кішкентай қатысушыларды қызықтырып, шабыттандырды.
Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі мен Эстония Елшілігі World Cleanup Day және #EUBeachCleanup акциясына қатысқан барлық серіктестер мен қатысушыларға шексіз алғысын білдіреді!
АНЫҚТАМА
World Clean-up Day - миллиондаған еріктілер, үкіметтер мен ұйымдарды біріктіретін ең үлкен жаһандық қозғалыстардың бірі. Өткен жылы 198 ел мен аумақтан 19 068 786 қатысушылардың, сонымен қатар БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің 90%-ның қатысуымен жаңа рекорд орнатылды, әрі World Clean-up Day қозғалысының жыл сайынғы екінші ең жоғарғы көрсеткіштерімен COVID-ке дейінгі қатысу деңгейіне оралды. 2024 жылдан бастап World Clean-up Day БҰҰ-ның ресми күні болып жарияланды, енді жыл сайын 20 қыркүйекте өткізіліп, халықаралық күндер мен апталардың күнтізбесіне енгізілді. Әлемді өзгертетін бұл идея 2008 жылы Эстонияда пайда болды.
#EUBeachCleanup – бұл бүкіл әлемде пластиктің ластануы туралы хабардарлықты арттыру үшін ЕО мен БҰҰ бастаған неғұрлым мақсатты жаһандық науқаны. Аталмыш науқан аясында 2024 жылы 53 елде 12270 еріктілердің қатысумен 367 іс-шара ұйымдастырылды, соның ішіне Қазақстан да қатысты.