×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

40 зымыран және 580 дрон: Зеленский Ресейдің түнде жасаған шабуылы туралы айтты

Бүгін, 17:40
40 зымыран және 580 дрон: Зеленский Ресейдің түнде жасаған шабуылы туралы айтты
ДСНС

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің жаппай түнгі шабуылы туралы хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, Ресей әскері 40 зымыран мен шамамен 580 түрлі типтегі дрон қолданған. Шабуылға Днепр қаласы мен облысы, Николаев, Чернигов, Запорожье өңірлері, сондай-ақ Полтава, Киев, Одесса, Сумы және Харьков облыстарының елді мекендері ұшыраған.

ДӘЙЕКСӨЗДЕР

– Қарсы тараптың мақсаты – біздің инфрақұрылым, тұрғын аудандар, азаматтық кәсіпорындар болды. Днепрде көпқабатты тұрғын үйге кассеталық оқ-дәрімен жабдықталған зымыран тура соққы жасады, – деді Зеленский.

Президенттің мәліметінше, Ресейдің бұл шабуылы салдарынан ондаған адам жарақат алып, үш адам қаза тапқан.

– Әрбір осындай соққы – әскери қажеттілік емес, Ресейдің бейбіт тұрғындарды қорқытуға және біздің инфрақұрылымды қиратып, күйретуге бағытталған әдейі жасалған стратегиясы. Сондықтан да халықаралық деңгейде күшті реакция қажет. Украина өзін де, Еуропаны да қорғай алатынын дәлелдеді, бірақ сенімді қалқан үшін біз бірге әрекет етуіміз керек: әуе қорғанысын күшейтіп, қаруды арттырып, Ресейдің әскери машинасы мен оны қаржыландыратын салаларға қарсы санкцияларды кеңейту қажет, – деді Зеленский.

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті халықаралық әріптестерін Ресейге қысымды күшейтіп, жаңа қатаң санкциялар енгізуге шақырған еді.

Серіктес жаңалықтары