×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Ауыл шаруашылығы министрлігі: Ішкі нарықта сиыр еті қымбаттап жатыр

Бүгін, 18:05
Ауыл шаруашылығы министрлігі: Ішкі нарықта сиыр еті қымбаттап жатыр
Pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықта сиыр еті бағасының өсуі байқалып, бұл тұтынушылар арасында алаңдаушылық туғызғанын мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомствоның мәліметінше, 1 келі еттің орташа өзіндік құны шамамен 2 800-3 100 теңге. Көтерме саудадағы 15% үстемеақыны қосқанда, баға 1 келі үшін 3 400-3 500 теңге деңгейінде қалыптасады.

– Салыстырып қарасақ, өңір елдерінде сиыр етінің бөлшек бағасы әлдеқайда жоғары: Өзбекстан мен Тәжікстанда – 6 500 теңгеге дейін, Ресейде – 8 500 теңгеге дейін, Қытайда – 8 000 теңгеге дейін, Түрікменстанда – 9 000 теңгеге дейін, Түркияда – 13 000 теңгеге дейін, – делінген хабарламада.

Министрлік түсіндіргендей, ірі қара малдың бір тұтас етінен тірі салмағының 50-60%-ы ғана ет ретінде шығады. Оның ішінде 15-20%-ы – премиум санаттағы бөліктер, олардың бағасы жоғары. Орташа деңгейдегі ет – шамамен 40-45%, төменгі деңгей – 25% шамасында. Ал сүйек, май және ет ретінде жарамсыз қалдық бөлігі 15-20%-ды құрайды.

Осылайша, министрліктің айтуынша, бөлшек саудадағы сиыр еті бағасы тек өзіндік құнға ғана емес, сонымен бірге еттің санатына, тағамдық құндылығына, малдың семіздігіне және қайта өңдеу тәсіліне байланысты қалыптасады. Майы аз ет арзандау болса, жоғары мәрмәрлі және жұмсақ құрылымды ет кесінділері премиум санатқа жатады әрі қымбат болады.

Серіктес жаңалықтары