×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Елімізде киім-кешек пен аяқ киім сатып алуға жағдайы жоқтар көбейді

23.09.2021, 22:46
ашық дереккөз

2021 жылдың сегіз айында аяқ киім бағасы 6,3% өсті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

energyprom.kz-ның мәліметінше, биыл ерлер аяқ киімі 6,5%, әйелдер аяқ киімі 5,2% қымбаттады, ал балалар аяқ киімі болса 8,5% қымбаттаған.

Осы жылы наурыз айында халықтың өмір сүру сапасына қатысты жүргізілген сауалнамаға сәйкес, қысқы және жазғы аяқ киімді сатып ала алмайтын қазақстандықтардың үлесі 15,3%-ды құрады, былтыр бұл көрсеткіш 15,5% болған.

Халықтың 77,8% -ы екі қысқы және жазғы уақытқа арналған екі жұп аяқ киімді ала алады (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 77,5%), бұл сұрақтың өзектілігі жоқ деп санайтындардың үлесі 7%-дан 6,9%-ға дейін төмендеген.

Ал тозығы жеткен киімдер мен аяқ киімдерін алмастыра алмайтын қазақстандықтардың үлесі 4,7%-дан 5%-ға дейін өскен.

ҚР қалаларында ерлер аяқ киімін жөндеуге жұмсалатын орташа шығын биыл тамыз айында 1393 теңге, ал әйелдер аяқ киімі үшін 1113 теңге болды. Аяқ киім жөндеу үшін ең арзан баға Қызылордада: ерлерге орташа есеппен 1000 теңге, әйелдерге орташа есеппен 891 теңге кетеді. Ерлердің аяқ киім жөндету бағасы Нұр-Сұлтан (1987 теңге) мен Атырау (1817 теңге) қалаларында қымбат, ал әйелдерге арналған аяқ киімді жөндету Ақтау (1516 теңге) мен Атырауда (1445) қымбат.

Серіктес жаңалықтары