×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері кептелісте тұрып қалған

Бүгін, 14:29
Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері кептелісте тұрып қалған
gov.kz

Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері кептелісте тұрып қалған. Көлік министрлігі себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көлік министрлігі өкілдері Шекара қызметімен бірлесіп, Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекара арқылы өтуге жағдай жасайтын, әрі елдің көлік-логистикалық жүйесінде стратегиялық маңызға ие автомобиль өткізу пункттеріне іс-сапар жасаған

ТЕКСЕРІС

Іс-сапар барысында өткізу пункттерінің инфрақұрылымына жан-жақты тексеру жүргізілді. Оның аясында автокөлік қозғалысына арналған жолақтар, тексеру алаңдары, сондай-ақ азаматтар мен қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен нысандар тексерілді.

Тексеру нәтижесінде бірқатар өткізу пункттерінде, әсіресе жүк көліктерінің Ресей Федерациясы бағытына қарай шығатын бейтарап аймақта жиналуы анықталды. Бұл кезектің қалыптасуына, өткізу рәсімдерінің баяулауына және жүргізушілер үшін қосымша уақыт шығынына әкелуде.

Бұл жағдайға Ресей Федерациясы тарапынан бақылау шараларының қатаңдатылуы себеп болып отыр. Атап айтқанда, жүктерді тексеру рәсімдері күшейтілген, көлік құралдарын қарау уақыты ұлғайтылған, сондай-ақ құжаттарды тексеру мен санитарлық және фитосанитарлық талаптардың сақталуын бақылауға қосымша шаралар енгізілген.

Серіктес жаңалықтары