×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

АҚШ-тан келген сәлемдемеден күтпеген нәрсе шықты

Бүгін, 09:41
АҚШ-тан келген сәлемдемеден күтпеген нәрсе шықты
Фото: polisia.kz

Алматыда полиция АҚШ-тан келген қылмыстық сәлемдемені анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алматыда АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесін қалаға жеткізу әрекетін әшкерелеп, оның жолын кесті. Сәлемдеменің ішінен өсімдік тектес есірткі затының айтарлықтай мөлшері табылды.

— Полиция қызметкерлері тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында жедел және арнайы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Бұл — жалғыз жағдай емес, мұндай деректер бұған дейін де тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз. Заң барлығына бірдей, мұндай әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы — жұмысымыздың басты қағидаларының бірі, — деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары