×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы қойылды

Мағауиннің қабіріне туған жерінің топырағы қойылды
instagram.com/qasymkitap

Қазақ әдебиетінің абызы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған елдің топырағы мен жусаны жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Сапарбек Нағашыбеков әлеуметік желідегі парақшасында хабарлады. 

- Бүгін Вашингтонға жақын жерде, қазақтың ұлы жазушысы, абызы Мұхтар Мағауиннің қабірін зират етіп, қазақтың "топырақ апару" дәстүрі жасалып, атамызға құран бағышталды. Қабыл болсын. Мұхтар атамыздың ұлы Едіге ағамыз Қазақстандағы ата бабасы жерленген жерден алып келген топырақ пен жусанды атамыздың қабіріне көмді. Бұл шараға қазақтар мен біздің Вашингтондағы Kazakh American Association қатысты, дейді ол. 

May be an image of 10 people, grass and tree

Нағашыбековтің сөзінше, бірнеше ай бұрын Мағауиннің АҚШ-тағы қабірінен топырақ алынып Қазақтандағы ата-бабаларының қасына жеткізілген.

 – Мұхтар Мағауин атамыз бүкіл өмірін қазаққа арнап 27 том кітаптар жазып, қазақтың тарихын түгендеп берді , болашақ ұрпақ үшін. Қазақтың тарихында осыншама кітап жазған жазушы болмаған. Уа Алла сен рахмансың, рахимсың, ғафурсың, кешіргенді жақсы көресің Мұхтар атамыздың күнәләрін кешіріп жанын жаннатық қылғай. Зираттан кейін Едіге ағамыздың үйіне барып атамызды еске алдық, құран оқылды. Үйінде атамыздың кабинеті, кітапханасы әлі сол күйінде сақталған, делінген жазбада. 

ҚАЗА

Айте кетейік, Мұхтар Мағауин биыл 10 қаңтарда өмірден өтті.

Серіктес жаңалықтары