Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АУА РАЙЫ
Атмосфералық фронтальды бөліністердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр сақталады, батыс және оңтүстік аймақтарда күндіз найзағай болады. 23 қыркүйекте шығыста, 23–24 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады.
ТЕМПЕРАТУРА
Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура біртіндеп 20–28 жылыға дейін, шығыс өңірлерде 10–15-тен 15–25 жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.