×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

ҚМДБ гив ойнату қандай жағдайда харам болатынын түсіндірді

Бүгін, 18:25
ҚМДБ гив ойнату қандай жағдайда харам болатынын түсіндірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы гив ойнатуға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚМДБ бұл инстаграм әлеуметтік желісінде тіркелушілер санын көбейту мақсатында өткізілетін ұтыс ойыны екенін атап өтті.

Гив ойындарын ұйымдастыру әрі оған қатысудың шариғаттағы үкіміне келсек, оны төмендегі екі жолмен қарастыруға болады

Ойынға қатысу үшін тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса немесе бір өнімді (кітап, т.б.) сатып алуды шарт қойса, ол құмар болып саналады. Ал шариғатта құмар ойындарына тыйым салынған.

Екіншіден, егер парақшаға тіркелушілерден ешқандай кіру жарнасы алынбаса әрі ұтыс демеушілер тарапынан қойылса, онда рұқсат етіледі. Бірақ төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
– Репост жасау керек болған парақшада шариғатта тыйым салынған нәрселер (сурет/видео/мәтін) болмау;
– Ұтыс сыйлығы харам зат болмау;
– Демеушілердің беретін қаражаты мен ұйымдастырушының алатын ақысы анық әрі нақты болу;
– Ұйымдастырушы тарап қанша адам жазылатынын нақты әрі ашық айту;
– Уәде етілген тіркелушілер санын жинап бере алмаса, жиналған адамның санына қарай қаражатты демеушілерге қайтарып беруі керек. Себебі келісімшарт нысаны дау тудырмайтындай анық әрі нақты болуы тиіс. Қайшы жағдайда келісімшарт дұрыс болмайды;
– Конкурс өткізуде алдап-арбау, алаяқтық сынды әрекеттер және тіркелушілерге қиянат жасалмауы тиіс.

ҮКІМ ҚАНДАЙ?

  1. Гив ойынында парақшаға тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса немесе бір затты сатып алу шарты қойылса, ондай конкурсқа қатысуға тыйым салынады. Одан тапқан табыс шариғат бойынша харам болады.
  2. Тіркелушілерден кіру жарнасы алынбаса және ұтыс демеушілер тарапынан қойылса, шариғат бекіткен шарттар толықтай орындалса, ол ойынға рұқсат етіледі.
Серіктес жаңалықтары