×
541.19
636.44
6.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.19
636.44
6.49

Тоқаев пен Трамп Нью-Йоркте не жайлы сөйлесті?

Тоқаев пен Трамп Нью-Йоркте не жайлы сөйлесті?
Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жасаған сапары аясында АҚШ Президенті Дональд Трамппен келіссөздер өткізді. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының екіжақты ынтымақтастығының болашағына баса назар аударылды. Дональд Трамп экономика мен сауда салаларындағы өзара ықпалдастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ мемлекет басшылары халықаралық жағдайға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 21 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды. 

Бүгін Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 80-сессиясы өз жұмысын бастады. Әлемнің 150-ден астам мемлекет және үкімет басшылары жаһандық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналды. Ал, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сессия мінберінде сөз сөлейді. 

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева қазір Нью-Йоркте жүр. Оқиғалардың дамуын назарда ұстап отырмыз.

Серіктес жаңалықтары