×
542.67
638.89
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.67
638.89
6.51

Перизат Қайрат сот үкімін жеңілдетуге тырысып жатыр

Бүгін, 09:30
Перизат Қайрат сот үкімін жеңілдетуге тырысып жатыр
Коллаж: Ұлысмедиа

Қайырымдылыққа жиналған миллиардтарды жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаева сот үкіміне шағымданбақ, деп хабарлайды Ullysmedia.kz.

АПЕЛЛЯЦИЯ

Ертең, 24 қыркүйекте апелляциялық сот отырысы өтпек.

 – 2025 жылдың 24 қыркүйегінде апелляциялық инстанцияда Перизат Қайраттың адвокаты мен оның анасы Ғайни Алашбаеваның апелляциялық шағымы бойынша іс қаралады, делінген сот хабарламасында. 

СОТ ҮКІМІ

Өткен жылғы тасқын кезінде халықтың көмегіне жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайратқа сот 10 жыл, анасына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен болатын. Жауапкерлердің адвокаты үкімге келіспей, апелляцияға жүгінетінін мәлімдегенімен, ол кезде сотқа ешқандай шағым түспеген.

Серіктес жаңалықтары