×
542.67
638.89
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
542.67
638.89
6.51

Астанадағы үйдің бағасына қандай фактор әсер ететіні белгілі болды

Бүгін, 16:03
Астанадағы үйдің бағасына қандай фактор әсер ететіні белгілі болды
Коллаж: Ұлысмедиа

Астанадағы тұрғын үй бағасына қандай фактор әсер ететіні белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Пәтер сату мен жалға беру туралы хабарландыруларда ЛРТ-ға жақын орналасу жиі айтыла бастаған. 

Маусым мен тамыз аралығында ЛРТ-ға жақын орналасқанын көрсеткен хабарландырулар 10%-ға артқан, деп жазады Krisha. Алайда, керісінше, терезелері ЛРТ жағына емес, аулаға қарайтынын ерекше атап көрсететіндер де аз емес. Себебі тұрғындар пойыздардың шуынан және дірілінен қауіптеніп отыр.

ПІКІР

Сарапшылардың айтуынша, нарық әзірге ЛРТ-ға тек «бейімделіп жатыр». Баға мен жалға алу құнына толыққанды әсері желі іске қосылған соң, яғни 2026–2027 жылдары байқалмақ. Дегенмен, қазірдің өзінде мамандар станцияларға жақын аудандарда сұраныс пен бағаның өсетінін, ал жалға алу студенттер мен іскерлік орталық қызметкерлері арасында сұранысқа ие болатынын болжайды.

– Алматы тәжірибесі метроның іске қосылуы тұрғын үй нарығына әсер ететінін көрсетті. Станцияларға жақын пәтерлер орта есеппен 10–15%-ға қымбаттайды, ал нысандардың өтімділігі артады. Астанада да ЛРТ станцияларының бойындағы аудандардың тартымдылығы артуы мүмкін, – дейді сарапшы Имран Османов.

Серіктес жаңалықтары